Мәдени-тарихи тұрғыдан осы ареалға жататын, алайда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан тыс орналасқан нысан Зайсан қаласы маңынан анықталды. Тарбағатай және Зайсан аудандарының шекаралас аумағында, Сарыбұлақ қыстағы маңында жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында экспедиция мүшелері әртүрлі мәдени-тарихи кезеңдерге жататын петроглиф-таңбалар кешенін анықтады.
Ескерткіш Зайсан қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 3 км жерде, орташа биіктіктегі таудың оңтүстік беткейінде орналасқан. Жартас бетіндегі петроглифтер арасынан шекіп түсіру немесе кертіп салу техникасымен орындалған таңбалардың екі түрі тіркелді.
Бірінші таңба тұйықталған иілген сызықтардан құралған, көлденең орналасқан «Э» әрпіне ұқсас пішінде берілген. Екінші таңба шөміш тәрізді пішінге ие және шеңбер мен оған жалғасқан крест бейнесінен тұрады.
https://berelmuseum.kz/kz/m-limetter-bazasy/zajsan/852-zajsan-ta-balary.html#sigFreeId86b566e199











