Бестерек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3 км жерде, Майтпас қыстағы маңынан таңбалы құлпытас анықталды. Мұнда да шамамен XVIII–ХІХ ғғ. жататын ескі қазақ зираты орналасқан.

Ескерткіш сұр-жасыл түсті қына басқан сланецті тастардан қаланған, қазіргі кезде едәуір бұзылған тас қоршаудан тұрады. Қоршау дөңгелек пішінді. Тақтатастардың біраз бөлігі құлаған, ал ішкі алаңы шөптесін өсімдіктер мен бұталарға қалың өскен.

Сыртқы қоршаудың батыс жағында қара түсті метаморфтық, оң жаққа қарай сәл қисайған тік құлпытас сақталған. Оның бетінде кертіп салынған символдың ізі байқалады. Көлденең параллелді екі сызықтан және орта тұсынан тік сызықпен қиылысады, өлшемі – 16,99 × 18,42 × 15,33 см. Бұл жердегі таңбаны марқұмның рулық таңбасы деп санаймыз.