Берел мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының АР23486716 «Алтай қазақтарының белгі жүйесі мен таңбалары» атты ғылыми жобасының зерттеу тобы мүшелері Б.Е. Сатаева мен Б.А. Сиражевалардың телавторлығында «ТАҢБА» және «ДАМҒА» түркі қоғамындағы таңба мұрасы: Түркі және Алтай қазақтарының мысалындағы көзқарас» тақырыбындағы ғылыми мақалалары ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған Қарағанды университетінің Хабаршысы басылымында жарық көрді.
Аталған зерттеу түркі халықтарының таңбалық жүйесін кешенді түрде қарастырып, тамға мен дамғаның тарихи даму эволюциясын, олардың мәдени, әлеуметтік және рухани маңызын терең талдауға арналған.
Мақалада таңбалар мен мөрлердің Түркі қоғамдарындағы, соның ішінде Алтай қазақтары арасындағы қызметі жан-жақты зерделеніп, олардың бастапқыда меншік белгісі ретінде қолданылып, уақыт өте келе этникалық сәйкестік, әлеуметтік иерархия, билік пен бірліктің нышанына айналғаны ғылыми тұрғыда негізделеді. Сонымен қатар таңбалардың шамандық дүниетаныммен байланысы, материалдық және рухани әлем арасындағы метафизикалық көпір ретіндегі рөлі ашып көрсетіледі.
Зерттеу барысында тамғалардың Орхон жазбалары мен Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегі секілді көне дереккөздерде кездесуі олардың тарихи сабақтастығы мен бүгінгі күнге дейінгі мәдени маңыздылығын айқындай түседі. Авторлар таңбалардың қазіргі түркі халықтары арасындағы қолданысын талдай отырып, олардың мәдени жадыны сақтаудағы айрықша орнын көрсетеді.
Бұл ғылыми еңбек тамғаларды тек меншік белгісі ретінде емес, түркі қоғамының әлеуметтік құрылымы, дүниетанымы мен рухани-саяси жүйесін айқындайтын маңызды мәдени код ретінде танытады.
Түркі және Алтай қазақтарының мысалындағы көзқарас тақырыбындағы ғылыми мақалалары ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған Қарағанды университетінің Хабаршысы басылымында жарық көрді.
- Просмотров: 15










