“Берел” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Еңбек – елдің қуаты» атты көрме ашылды. Бұл көрме ел дамуының басты тірегі – еңбектің маңызын паш етіп, түрлі дәуірдегі еңбек құралдары мен жәдігерлерді, сондай-ақ ата-бабамыздың адал еңбегі арқылы қалыптасқан мәдени мұраларын таныстырады. Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа еңбек құндылығын дәріптеу, елін сүйген, жерін қорғаған еңбек адамдарының үлгісін көрсету. Өтетін уақыты: 2025 жылдың 22 қыркүйегі мен 22 қазан аралығы. Өтетін орны: «Берел» музей-қорығы, этнография залы. Көрмемізге шақырамыз!