Сақтардың бесбұрышты жұлдызы

Сақтардың бесбұрышты жұлдызы - Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы Шілікті алқабының Бәйгетөбе патша қорғанынан Ә.Т. Төлеубаев жетекшілік еткен археологиялық экспедиция тапқан жоғарғы билік пен киелі мәртебені сипаттайтын бірегей жәдігер.

Жәдігердің ғылыми маңызы мен ерекшеліктері

Биліктің киелі символикасы. Ерте көшпелілердің дүниетанымында бесбұрышты жұлдыз «жоғары рухани күш пен мемлекеттік билікке ие болған құдіретті тұлға» концепциясын білдірген.
Күрделі зергерлік технология. Бұл бұйым ерте темір дәуіріндегі зергерлік өнердің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұйымды жасауда мүйізден жасалған негіз, қанық көк түсті лазуритті инкрустациялау (көздеу), нақышты алтын пластинамен аптау және бедерлеу әдістері шебер үйлестірілген.
Орталық Азияынң бірегей ескерткіші. Табылған жәдігердің б.з.б. VIII ғасыр кезеңі үшін Орталық Азияда тікелей аналогтары жоқ. Ол сақ қоғамындағы ірі зергерлік мектептер мен күрделі әлеуметтік иерархияның айқын дәлелі және әлемдік мәдени мұраның эталонды ескерткіші болып табылады.