Аса қадірлі Олжас Омарұлы! ​«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Сізді 90 жасқа толған айтулы мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! ​Сіз - Ұлы Дала тарихын танудың көжиегін кеңейткен, сөзі ірі, болмысы бөлек біртуар тұлғасыз. Өзіңіздің аңызға айналған «Аз и Я» кітабыңыз бен ауқымды тарихи-лингвистикалық зерттеулеріңіз арқылы халқымыздың тамыры тереңде жатқанын дәлелдеп, әлемге көшпенділер мұрасының жаңа қырын паш еттіңіз. ​Өткен мен бүгінді сабақтастырып, ұлттың мәдени кодын қорғаудағы ерен еңбегіңіз — біз секілді ежелгі дала өркениетінің қазынасын сақтаушылар үшін зор шабыт көзі. ​Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат және ұзақ ғұмыр тілейміз! Парасатты ақыл-ойыңыз бен даналық сөзіңіз келешек ұрпақтың жолын нұрландыра берсін. ​Зор құрметпен және ізгі ниетпен, «Берел» музей-қорығының ұжымы атынан директордың м. а. Н. Ахметжанов