18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастыратын «МУЗЕЙ ТҮНІ» ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ Мектеп оқушыларына арналған «Жас экскурсоводтар мектебі» танымдық сабағын өткізу. Іс-шара барысында оқушылар музей ісі мен экскурсия жүргізу ерекшеліктерімен танысып, тәжірибелік дағдыларды меңгереді. «Музей түні» аясында «Сақтар тағамы» мәдени-танымдық шарасын ұйымдастыру. Келушілерге көне дәуір тағамдары таныстырылып, ұлттық дәм ұсынылады. Астротуризмді насихаттау мақсатында палаткалы қалашық ұйымдастырып, туристерге жұлдызды аспанды тамашалау кешін өткізу. Іс-шара барысында табиғат аясындағы түнгі бақылау мен танымдық әңгімелер жүргізіледі.
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай
- Просмотров: 14










