Көшпелі көрме сізді Берел қорғандарының тылсым әлеміне саяхат жасауға шақырады:
2800 жылдан астам тарихы бар алтын бұйымдар
Берел жылқысының ат әбзелдері
Сирек археологиялық жәдігерлер мен антропологиялық реконструкциялар
Бұл - ежелгі көшпелілер өркениетінің мәдениеті мен рухани мұрасын терең сезінуге мүмкіндік беретін бірегей көрме!
Ашылу салтанаты: 31 наурыз 2026 жыл, сағат 11:00
Өтетін орны: Түркістан облысы, Отырар ауданы, Талапты ауылы, Сапар орталығы ғимараты
Келіңіздер және Алтайдың алтын мұрасымен танысып, Берелдің мыңжылдық тарихына куә болыңыздар!










