ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БНҚ-дың BR 22082476 – «Қазақ Алтайының көне және ортағасырлық тарихи-мәдени мұрасы: археологиялық зерттеулер, қорғау, 3D сандау және музейлендіру жобалары» ғылыми жобасы шеңберінде негізгіміндеттерінің бірі – ШҚО Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған қорғау және алдын алу шараларының кешенін жүзеге асыру мақсатында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері атқарушы билік, құқық қорғау органдары, ұлттық парк өкілдеріне, өлкетанушыларға, тарих пәні мұғалімдеріне және жергілікті тұрғындардың кең аудиториясына аталған әкімшілік аумақтарындағы ескерткіштерінің маңыздылығы, республиканың тарихи-археологиялық жоспарындағы ең жарқын өңірлердің бірінің баға жетпес тарихи-мәдени мұрасын қорғау және қорғау шаралары мен заңнамасы туралы кеңейтілген дәрістер өткізді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер мен қалың жұртшылық Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарының аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштердің түрлерімен, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасымен таныстырылды, археологиялық зерттеу жүргізуге рұқсат беретін құжаттар нақты көрсетілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес тарихи-мәдени мұра саласындағы заңсыз зерттеулерге қатысушыларды анықтау және қылмыстық әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жан-жақты сипатталды. Қазақстан Республикасына осы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін барлық уәкілетті органдарға Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің байланыс нөмірлері берілді.