Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қор сақтау және есепке алу бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Сақ көсемінің ері: ғылыми реконструкция нәтижесі» атты мақала «Арайлы Катонқарағай» газетінің 2026 жылғы 27 наурыздағы №13 санында жарық көрді.
Аталған мақалада Берел қорғандарынан табылған бірегей археологиялық олжа - сақ дәуіріне жататын ер-тұрманның ғылыми реконструкциясы, оның тарихи маңызы мен зерттеу нәтижелері кеңінен баяндалады. Жарияланым көне көшпелілер мәдениетін танытуға және ұлттық мұраны насихаттауға бағытталған ғылыми еңбектердің бірі болып табылады.









