Заңгердің лауазымдық міндеттері:

Музей-қорық қызметін құқықтық қамтамасыз етеді; шарттар мен келісімшарттарды дайындайды, сараптайды және сүйемелдейді; бұйрықтар, ішкі тәртіп актілері мен өзге де жергілікті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; мекеменің қызметіне қатысты құқықтық мәселелер бойынша консультациялар береді; мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекеме мүддесін білдіреді (қажет болған жағдайда).

 

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Еңбек кодексін; «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; азаматтық, еңбек, әкімшілік құқық негіздерін; шарттық жұмыс жүргізу тәртібін; іс жүргізу және құжат айналымы талаптарын.

 

Заңгер лауазымына қойылатын талаптар:

  • жоғары заң білімі (құқықтану)
  • жұмыс тәжірибесі құпталады
  • мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі;

 

Үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. өмірбаян немесе түйіндеме (резюме);
  3. білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған жағдайда);

 

Құжаттарды қабылдау, хабарландыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап жүргізіледі.

Ниет білдірген тұлғалар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап төмендегі мекен-жайға хабарласып, тиісті құжаттарын ұсынуы қажет:

ШҚО , Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Ауэзов көшесі, 96

Телефон: 8 (7234) 22-95-29; 8 (705) 527 76 28